- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жуырда университетіміздің 5-ғимаратында облыстың және Өскемен қаласының мектеп бітіруші түлектеріне арналған ашық есік өткізілді.
Бұл шараға 200-ден астам мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Кездесуде факультет декандары мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне маман дайындау бағыттары, оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер айтып, факультеттер мен мамандықтар жайлы ақпараттар берді. Ашық есік күнінің өткізілуінің ең басты мақсаты мектеп оқушыларына факультеттерде бар мамандыктар мен ғылыми зерттеу жұмыстары жайында әр кафедраның ғылыми зерттеудегі бағытын түсіндіру болып табылады. Ашық есік күні достық пейілде жақсы өтті.
Аталған шарада балаларға ШҚМУ тарихы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмелерімен таныстырылды. Сондай-ақ, университет студенттері мектеп ұясынан ұшқалы отырған оқушыларға студенттік өмірдің қызыққа толы екендігін паш ететін видеороликтер көрсетіп, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Молдир Самалханова