28 қарашада педагогикалық мамандықтардың 4 курс студенттері үшін бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шарада Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, 50-ден астам облыстық, қалалық орта мектептер, балабақшалар және ТжКБ мекемелерінің директорлары мен директор орынбасарлары қатысты.
Бос орын жәрмеңкесінде студеттерге облыс бойынша бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер беру туралы ақпарат берілді.
Жұмыс берушілер жәрмеңкеде ұсынылған диалог платформасы, «Speed Networking» әдісін және т.б. форматтардың жаңалығын және нәтижелілігін аттап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, келесі педагогикалық емес мамандықтардың студенттеріне арналған бос орын жәрмеңкесі 29 қарашада өтеді. Барлық мүделлі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Оқу жылы ішінде түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған бірқатар қызықты іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Хабарландырулар сайтта ұсынылады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім мекемелеріндегі бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №226 кабинетіне келіп білулеріне болады.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі,
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы