- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
19-20 қараша айының аралығында Астана қаласындағы Л.Н Гумилев атындагы Еуразия Ұлттық Университетінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылган Шет елден келген студенттер арасында «Университет аралық баскетбол» жарысы өтті.
Жарысқа 6 облыс университтерінің командалары қатысты. Олар: Астана- Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ, С. Сейфуллин атындағы Агро-техникалық университеті, Қарағанды ҚАРГУ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университет командалары қатысып, солардың ішінде жүзден жүйрік атанып, 1-орын иеленген Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Өскемен» командасы болды.
Бұл ауыспалы кубоктан тұратын жарыс болатын. Енді келесі кезеңдегі «Университет аралық баскетбол» жарысы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде өткізілуі тиіс.
Жарысқа қатысып, жүлдеделі оралған жеңімпаздарымыз:
Біз осындай үлгілі студенттерімізбен мақтанамыз. Алда әлі де талай алар асу, жетер жетістіктеріңіз көп болсын! Оқу ордамыздың атын осылай биіктерден көрсете берулеріңізге тіліектеспіз.
А. Айтуғанова, тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы