Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы Жоғары колледжінде «Көңілді тапқырлар» интеллектуалдық сайысы өткізілді

С.Аманжолов атындағы Жоғары колледжінде «Экономика және құқық, әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер апталығының аясында арнайы пәндер оқытушысы Адайханова Айнұр Тұратбековнаның ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар»интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты студенттердің білімге деген құштарлықтарын, ізденістерін, қызығушылықтарын арттыру мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сайысқа ОП9Е және П2Б топтарынан студенттер құрамасы қатысты. Сайыс «Білім аукционы», «Қара жәшікте не бар?», «Суреттер сөйлейді»,  «Логика қайда?» атты кезеңдерінен құралды.

Сайысқа қатысушылар өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін жақсы көрсете білді. Бұнымен қоса, өздерінің әр-түрлі саладағы білімдерін көрсетіп, жауаптылықтарын сезіне білді.  Сайыс барысында ОП9Е тобының студенттері Мүтәлапова Жансая, Ержанов Даниэль және П2Б тобының студенттері Маратов Шахмұрат, Алтынбекова Құралай ерекше белсенділік танытып, көзге түсті.

Сайыс қортындысы әділ қазылар алқасымен бағаланды және де сайыс қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo