- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2017 жылдың басында С.Аманжолов ат. ШҚМУ және Порту университеті (Порту қ., Португалия) Эразмуз+ халықаралық бағдарламасы негізінде ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты.
Порту университетіне ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, «Мәңгілік Ел» Гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы басшысы Аубакирова Жанна Сакеновна дәрістер оқуға шақырылды және ШҚМУ магистранттары: Оразгалиева Мадина, Маутиева Айсулу, Ахмадиева Айгерім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға грант жеңіп алуы осы ынтымақтастықтың жемістілігінің көрінісі. Жалпы, бұл байқауға 8 адам қатысқанын атап ету жөн болады.
Біздің жеңімпаздарға сәттілік пен жаңа тәжірибе алуды тілейміз! Құттықтаймыз!
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі