- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Бүгін, 31 мамыр күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Модераторы - Өскемен қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.К. Ошақбаев.
Аталған шараға ардагерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері, этномәдени бірлестік өкілдері, ШҚМУ оқытушылары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен туыстары, қала жастары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - мұрағаттағы құжаттармен таныстыру, тарихта құпия болған оқиғаларды ашу.
Іс-шара шеңберінде «Алаш - начало пути» көрмесі ұйымдастырылып, ққуғынға ұшыраған шығысқазақстандықтар туралы мұрағаттағы құжаттар көрсетілді.
Баспасөз қызметі