С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Владимировна Ровнякова және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Марлен Әбубәкір «Қалалардың даму мәселелерін шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі» халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияда СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова және ЖІК төрағасы М. Әбубәкір баяндама жасады.
Жиында қалалардың дамуына, жергілікті биліктің қауымдастықтармен өзара іс-әрекетіне кедергі келтіретін мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, жастардың ЖӨӨБ үрдісіне, қалалардың дамуына қатысу мәселесі қаралды.
Баспасөз қызметі