- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (НМПУ), Ресей
*НМПУ мәдениет және жастар саясаты институтының студенті Сергей Гравченко өткен оқу жылында Бүкіләлемдік XIX жастар мен студенттер фестивалінде болып қана қоймай, Римнен Амстердамға дейін автостоппен жеткен. Ол «Can you make it?» жобасына қатысқан. Жоба шарты бойынша, студенттер командалары Еуропаның кез-келген нүктесінен Амстердамға дейін ақшасыз, ұялы телефонсыз жетулері керек. Рим қаласынан бет алған команда, бір апта ішінде Болонье, Верона, Мюнхен, Нюрнберг, Кельн және Брюссельді көріп, соңғы нүкте Амстердамға жетті.
*Шілде айының 16-сы мен 29-ы аралығында білім ордасының филология, бұқаралық ақпарат және психология институтында Италия және Тайвань студенттері қосымша білім беру бағдарламасын игеруде. Бұл НМПУ базасына өткізіліп отырған екінші |Жазғы мектеп.
Омск гуманитарлық академиясы (ОмГА), Россия
*1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін академияда East View базасына рұқсат берілді. Қорға білім ордасының кез-келген компьютерінен кіруге болады.
*Омск гуманитарлық академиясында биыл ғана құрылған «Подмостки» театралды студиясы «Вдохновение» атты шығармашылық кеш өткізді. Кеште Шекспир, Маяковский, Есениндердің туындылары, сонымен қатар француз әншісі Эдит Пиафтың шығармашылығы туралы монолог жиналғандардың назарына ұсынылды.
Балтық Халықаралық Академиясы (БХА), Латвия
*Балтық Халықаралық Академиясы (Білім беру бағыты «Ақпараттық-коммуникативтік ғылым» «Digital video» студиясымен және «Education TV» интернет-телеарнасымен бірлесіп студенттер, жоғары сынып оқушылары мен кез-келген тв, кино, продюсерлік ету, жарнама және пиар салаларына қызығушылық танытқан жастар үшін арнайы Мектеп ашуды қолға алды.
*Балтық Халықаралық Академиясында режиссура бойынша бірегей курс өтпек. Курс бағдарламасында дәрістер мен тәжірибе негізінде актерлік шеберліктің қыр-сырымен таныстыру жоспарланған.
*БХА студенттері мен түлектері шілде мен қыркүйек айлары аралығында Erasmus бағдарламасы бойынша ЕС елдеріне іс-тәжірибеден өтуге баруларына қосымша мүмкіндік бар.
Баспасөз қызметі
ақпарат ЖОО сайттарынан
https://www.nspu.ru/
http://omga.su/
http://www.bki.lv/index.html