«Серпін» бағдарламасы бойынша оқу бітірген 134 түлектің 50-ден астамы білім мекемелерінде еңбек етуде, 60-тан астамы магистратурада оқып жүр.
Түлектердің кейбіреуілері Өскемендегі №19 мектепте логопед, «Da Vinchi» дамыту орталығында педагог, «Айгөлек» орталығында психолог, №46 мектепте педагог, дарынды балаларға арналған лицейде физика мұғалімі, №32 орта мектепте қазақ тілі мұғалімі болып еңбек етуде.
Курчатовта, Семейде және Тарбағатай, Зайсан, Ұлан, Жарма аудандарында олар әлеуметтік педагог, қазақ тілі, химия, математика мұғалімдері болып қызмет етіп келеді.
60-тан астамы ШҚМУ магистратурасына, Мәскеудің «Синергия» университетіне, Алтай мемлекеттік университетіне (Барнаул қ.), Тәжік педагогикалық институтына (Пенджикент қ.) оқуға түскен.
Баспасөз қызметі