21 қаңтарда ШҚМУ-да «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының өндірістік іс-тәжірибесі бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті.
Оған іс-тәжірибе жетекшілері, студенттер, кафедра меңгерушісі қатысты.
Іс-тәжірибе өтетін базалар ретінде №38 мектеп-гимназия, №1 орта мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі, №15 орта мектеп, А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп, №16 орта мектеп және «Нұр Орда» мектеп-лицейі бекітілді.
Баспасөз қызметі