Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шетелдік студенттердің ШҚМУ-ға алғысы

Оқу жылы көлемінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша Пекин қаласындағы Орталық Ұлттар университетінің 3 курс студенттері Кемелхан Айгүл мен Камал Жаңылсын сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімдерін жалғастырған болатын. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары шетелдік студенттермен онлайн-сұқбат жүргізді. Кемелхан Айгүл: «Өр Алтайдағы үздік ЖОО орнында оқу менің арманым еді. ШҚМУ-да оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығына үлкен мән берілген.

Білімді өз бетінше зерделеуге, озық технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыруға  бейімделген білім ордасының ұжымына, ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге  үлкен рахмет айтамын» десе, Камал Жаңылсын: «Университетте бәсекелестікке қабілетті студент капиталын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Кітапхана қоры бай, барлық ресурстарға рұқсат берілген, жатаханалар барлық талаптарға сай. Бізге берген білім мен тәрбиелеріңіз үшін алғысымыз шексіз»,-деп өз ойымен бөлісті.

Кафедра оқытушылары да өздерінің тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі.

Білім беру бағдарламасының менеджері Қарлығаш Барбосынова

.

Қазақ
× You found a Typo