1 қазан – Қарттар күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет ардагерлері құттықталды.
ШҚМУ ректоры атынан ардагерлерді стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова құттықтап, олардың оқу орны алдындағы ерен еңбектерін атап өтті, баршасына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Ресми бөлімнен соң ардагерлерге концерт көрсетілді, мереке естелік суретке түсумен аяқталды.
Жыл сайын 1 қазанда елімізде халықаралық қарттар күні аталып, олардың ел игілігі үшін атқарған еңбектері ескеріледі. Аталмыш мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының ұғарымымен 1990 жылдың 14 желтоқсанында бекітілген.
Баспасөз қызметі