С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ARES (Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2019) әлемдік рейтингінде 8 орыннан 6 орынға көтерілді.
ШҚМУ «А» санатынан «А+» санатына (оқытудың, ғылыми қызметтің жоғары сапасы, түлектерінің сұранысы) өтті. Рейтингке елдің 94 жоғары оқу орны қатысқан.
Нәтижелерді Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата ұсынды.
ARES жоғары оқу орындарының рейтингін жасау мақсаты – университеттердің студенттерді қажетті біліммен қамтамасыз ету қабілетін бағалау, сонымен бірге келешек жұмыс берушілермен белсенді түрде қарым-қатынас орнату және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін бағалау.
ARES рейтингі Еуроодақ стандарттары бойынша жасалады. Бағалау барысында ғылыми жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, түлектерге деген сұраныс, ақпараттандырылуы, еуропа ғылым академияларындағы мүшеліктер, марапаттар, жұмыс берушілермен қарым-қатынасы есепке алынады.
Рейтинг автоматты түрде, адами факторға байланыссыз жүргізіледі.
http://eurochambres.org/ares-2019/kazakhstan/
Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі