С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.Г. Толамисов бастаған топ Аягөз ауданында болды.
Құрамында ШҚМУ-дың факультет декандары, Жоғары колледж директоры, студенттер бар топ ауданның 10-11 сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен, мектеп директорларымен кездесті. Кездесу мәдениет үйінде өтті.
Кездесуді білім бөлімінің басшысы Нұрғали Әзімбаев ашып, ШҚМУ-дың өңірдегі алдыңғы қатарлы оқу орны екенін атап көрсетті.
Проректор университет мүмкіндіктерімен және жетістіктерімен таныстырып, аудан мектеп түлектерінің – қазіргі ШҚМУ-дың белсенді студенттерінің ата-аналарына алғыс хат табыстады.
Оқушылар мен ата-аналар сұрақтарына декандар, колледж директоры жауап берді. Университет күніне келгендер студенттер концертін тамашалап, олардың өнеріне тәнті болды.
Кездесуге 420 оқушы қатысты.
Аягөз ауданы білім бөліміне алғыс білдіреміз!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы