Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан және Ресей жастарының ынтымақтастық форумы басталды.
Жастар сарайына Қазақстан мен Ресейден келген мыңнан астам жас жиналды. Мұнда көрме стендтері мен жастар жобаларының тұсаукесер аймақтары орналасқан. Форум тақырыбы жастардың ерікті жобаларға қатысуына арналды. Ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екі елдің қоғамдық ұйымдарының өкілдері өз жобаларын таныстырады, халықаралық дәрежедегі бастамалар туралы айтып, еріктілік саласындағы үздік тәжірибелерімен алмасады.
Аталмыш келелі басқосуға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Әбубәкір Марлен және Экономика және құқық факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Қабанбаев Әділ қатысады.
Баспасөз қызметі