С. Аманжолов атындағы ШҚМУ белсенділері республикалық тал отырғызу акциясына қатысы.
«Бір тал кесcең, он тал ек» деген аталы сөзді басшылыққа алған университет белсенділері акцияға біркісідей атсалысты, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар @zhaksylyk_omar оқу орны жастарының еңбегін ерекше атап өтті.
– Қала аумағын көгалдандыруға үлес қосып, игі іс жасап жатқан барша азаматтарға «жарайсыздар!» дегіміз келеді. Біз жасамасақ, сіз жасамасаңыз, онда кім жасайды? Сондықтан қаламыздың өркендеуіне барынша үлес қосайық, пайдалы іс жасап, жарысайық, – деп үндеу тастап отыр ШҚМУ жастары.
Жастар ісі жөніндегі комитет