Астанада Білім сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің 10 жылдығына арналған «Болашаққа қадам: жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің үдерістері, мәселелері және келешегі» атты білімдегі сапаны қамтамасыз ету бойынша алғашқы Еуразиялық форум болып өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан іс-шараға Академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры, п.ғ.к. И. Стеблецова қатысты.
Форумда білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов, «ҚазМұнайГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Құлекеев құттықтау сөз сөйледі.
Басқосу барысында бес пленарлық отырыс өтіп, еліміздегі түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері білім сапасын қамсыздандыру жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум жыл сайын өткізіліп отыратын болады.
Баспасөз қызметі