Ағымдағы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мамандарды даярлау 110 білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Бакалавриат - 59, магистратура - 39, докторантура - 12. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 бағдарламаға артық.
Биылғы жылы қосылған жаңа бағдарламалар (бакалавриат – 5, магистратура – 6, докторантура – 4), олардың ішіндегі екеуі интеграцияланған
бакалавриат («Математика-Информатика», «Биология-Жаратылыстану»), сондай-ақ, екі инновациялық («Клиникалық психология», «Химиялық криминалистикалық сараптама»).
2020-2021 оқу жылында тағы үш жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі: бакалавриат – «Тарих және цифрлық гуманитаристика»; «Дінтану және философия»; «Программалау, материалдарды өңдеу аппараттары және машина құрастыру»; магистратурада – «Педагогикалық өлшем» (ҚР БҒМ тапсырмасына сәйкес, педагогикалық кадрлар даярлау сапасын арттыру мақсатында).
Сонымен қатар, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша, жүзеге асырылып жатқан үш бағдарламаның атауы өзгертілді: «Кәсіби білім беру, көркем еңбек және графика», «Ядролық физика және атомдық энергетика», «Орман ресурстары, аң аулау және ара шаруашылығы».
Баспасөз қызметі