- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2017 жылдың 5 сәуірі күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «3.2.1 Старт!» жобасына қатысты жиналыс болып өтті. Жиналысқа Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрайымы: Бақыт Маржан және оқу ордамыздың студенттері қатысты. Жиналыс барысында«3.2.1 Старт!» жобасы жайлы нақты мәліметте райтылып, әртүрлі ақпараттар берілді.
Бұл жоба еліміздің барлық қалаларын қамтиды. Және жобаның жеңімпаздарына 1 миллион сыйақы беріледі.
Жобаның басты тақырыптары: экологиялық, әлеуметтік, қоғамдағы өзекті мәселер және жастар арасындағы проблемалар болып табылады.
Жоба ұйымдастырушылары – CCI Kazakhstan компаниясы , «Жас Отан» ЖҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, және «Орталық Азияның Еуразия Қоры»(ОАЕҚ).
Барша студенттерді, қатысамын деген ниет білдірушілерді белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!
Жоба туралы толық ақпарат https://321.the-steppe.com/cola/kz
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілхайыр