Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде бес компьютерлік сынып ашылды.
Жаңа ІТ-сыныптар, алдымен, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының бағдарламашыларына арналған, бірақ математика, физика, инженерия және технологиялар кафедрасының өзге студенттері де жұмыс істей алады.
№7 оқу ғимаратының бес ІТ-сыныбына 50 компьютер орнатылған.
Ашылу салтанатына құттықтау сөз сөйлеген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген, оқу орнының серіктесі – Өскемен қаласы әкімдігі оқу-өндірістік комбинатының директоры Б.А.Ысқақов, сондағы бейінді сыныптардың оқушылары және басқалар қатысты.
Баспасөз қызметі