ШҚМУ-да «Жылдың үздік факультеті», «Жылдың үздік кафедрасы», «Жылдың үздік оқытушысы», «Жылдың үздік зерттеушісі», «Жылдың үздік жас зерттеушісі», «Жылдың үздік әдіскері», «Жылдың үздік қызметкері» байқауының нәтижелері шығарылды.
Келесі аталымдар анықталды:
«Жылдың үздік факультеті» – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті;
«Жылдың үздік кафедрасы» – Биология кафедрасы;
«Жылдың үздік оқытушысы» – Орсаева Раиса Әнуарқызы, заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті;
«Жылдың үздік зерттеушісі» – Квеглис Людмила Иосифовна, физика-математика ғылымдарының докторы, физика және технологиялар кафедрасы;
«Жылдың үздік жас зерттеушісі» – Ақатан Қыдырмолла, Ұжымдық пайдаланылатын ұлттық ғылыми зертхананың аға ғылыми қызметкері;
«Жылдың үздік әдіскері» – Смаилова Жанар Өтегенқызы, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
«Жылдың үздік қызметкері» – Шарапиева Гүлнұр Дәулетханқызы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері.
Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі