С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ағылшын тілі онкүндігі аяқталды, оның барысында оқытушылар ағылшын тілінде семиналар өткізді.
Он күнде биология, математика, физика және технологиялар, қаржы және есеп кафедралары оқытушылары ашық дәрістер, академиялық ұтқырлыққа арналған дөңгелек үстел, ағылшын тіліндегі ғылыми семинарлар өткізді.
«Психологиялық кино» кино клубы фильм көрсетіп, талқылады. Студенттер барлық іс-шараларға белсенді қатысты.
Баспасөз қызметі