«Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары Zoom қосымшасы арқылы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттеріне Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының (ВИЧ/СПИД) алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді.
Студенттер инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы білді.
Мамандар аурудың шығу тарихы туралы видео көрсетті. Сондай-ақ, жастардың жүріс-тұрыс жауапкершілігіне бағытталған қазақша және орысша шағын тренингтер өткізді.
Баспасөз қызметі