Университетте білім беру бағдарламалары басшыларының қатысуымен Академиялық кеңестің қорытынды кеңейтілген online-отырысы өтті.
Отырысты Академиялық кеңес төрағасы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, қауымдастырылған профессор Д.Ерболатұлы ашты. Ол оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етудің, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу, оларды Реестрге уақытылы енгізу маңыздылығын атап өтті.
Университеттің Академиялық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
«2019-2020 оқу жылындағы университеттің Академиялық кеңесінің жұмысын қорытындылау туралы» ақпаратпен Академиялық кеңес төрағасы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, қауымдастырылған профессор Д. Ерболатұлы сөз сөйледі. Баяндамашы бірлескен жұмыс нәтижесінде пандемияға байланысты қашықтықтан білім беру жағдайында оқу үдерісінің сапасын жақсарту, білім беру бағдарламаларын жаңарту және өзектендіру, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу, Реестрге уақытылы енгізу бағытында оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орасан зор жұмыс орындалғаны туралы есеп берді.
«Университеттің Академиялық кеңесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау» ақпаратында Академиялық кеңестің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылды және элективті пәндер каталогтарын, білім беру бағдарламаларын бекіту немесе келісу мерзімдерінің өзгеруі бойынша түсініктеме берілді. Талқылау барысында кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б. Б. Келгембаеваның көптілділік мәселесін қарастыру мерзімі бойынша түзету ұсынылды.
«2020-2021 оқу жылына Академиялық кеңес құрамын бекіту туралы» мәселе бойынша университеттің академиялық кеңесінің жаңа құрамы бірауыздан бекітілді. Факультеттерде сапаны қамтамасыз ету бойынша Комиссия құру және оның жұмысы туралы мәселе қосымша талқыланды.
Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығының басшысы Б.Ділдебай және КМжәнеАТ кафедрасының меңгерушісі Жантасова Ж.З. «Білім берудегі цифрландыру жұмыстарының нәтижелері және жаңа оқу жылына цифрландыру жоспарын талқылау» туралы ақпаратпен сөз сөйлеп, пандемия кезеңінде қашықтықтан білім беру жағдайында оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы және ААЖ модульдерін жақсарту, элективті пәндер каталогын құруды автоматтандыру және т. б. жасалған жұмыстар мен жаңа оқу жылына ұсынылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.
«Жаңа білім беру бағдарламаларын ашу және жаңа оқу жылына дайындық туралы» мәселе бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының жетекшілері, кафедра меңгерушілері - инженерия және технология кафедрасынан Қуанышбеков Т.Қ., Қазақстан тарихы кафедрасынан Әубәкірова Ә.Ж., Рухани жаңғыру және ӘГП кафедрасынан Қабдрахманова Ф.К., педагогикалық білім беру және менеджмент Радченко Н.Н. академиялық кеңес мүшелерін білім беру бағдарламаларын ашу, БББ бірегейлігін атап көрсетіп, үгіттеу жұмыстарын жүргізудің ұйымдастырылуы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.
«Әр түрлі» бөлімінде ОҮҰжәнеББ бөлімінің бастығы Н.Ә.Сәдірбекованың «Жұмыс оқу жоспарларын келісу туралы (РУП)», Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің бастығы С.С. Оразованың «2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларын келісу туралы» және «2020-2021 оқу жылына факультеттердің әдістемелік онкүндіктерін өткізудің жоспар-кестесін бекіту туралы», факультет декандарының орынбасарларының «2020-2021 оқу жылына арналған кәсіптік практика бағдарламасын бекіту туралы», сондай-ақ университеттің академиялық кеңесінің сараптау комиссиясының төрағасы А.А. Әлімханның «Оқу-әдістемелік құралдарын баспаға ұсыну туралы». ақпараттары тыңдалды.
Академиялық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері бір ауыздан университеттің академиялық кеңесінің құрамы мен 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын, факультеттердің 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік онкүндіктерін өткізудің жоспар-кестесін, 2020-2021 оқу жылына арналған кәсіптік практика бағдарламаларын бекітіп, жұмыс оқу жоспарлары (ОЖЖ) келісілді, 10 Оқу-әдістемелік құралдарын басылымға ұсынды.
Оразова С.,
Университеттің академиялық кеңесінің хатшысы