Телестудия журналистика мамандығында оқып жүрген студенттердің шеберлігін шыңдау үшін ашылып отыр.
– Кешенде түсірілім алаңы, дыбыс жазу студиясы бар. Осы жерде студенттер хабар дайындап, сұхбат жүргізіп, оны университет ғимараттарына таратады. Хабар тарату аумағына оқу орнының барлық ғимараттары енеді, – деді университет ректоры Мұхтар Төлеген.
Шараға абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, «Қазақстан» РТРК» АҚ ҰТА директоры Еркін Таңатқанұлы, сала ардагерлері Нұртілеу Иманғали мен Кеңес Әденов қатысты.
– Бастама қуантып отыр. Ресейде 147 телеарна, соларға маман даярлайтын ұстаханалар бар. Өкінішке орай, бұл іс бізде кенже қалған. Сол олқылықтың орнын Шығыс толтырмақшы. Бұл өңірдегі журналистиканың дамуына септігін тигізеді, – деді Нұртілеу Иманғали.
Оразай Жеңісұлы