- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің физика кафедрасы атом саласы қызметкерлерінің күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды.
28 қыркүйекте Қазақстанда атом саласы қызметкерлерінің күні болып бекітілгеніне байланысты Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің физика кафедрасы №7 ғимаратта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аға оқытушы К. Иманжанова жүргізген шараға физика, ядролық физика мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Физика кафедрасының меңгерушісі Г. Бектасова мерекемен құттықтап, дөңгелек үстелді ашық деп жариялады.
Студенттер атом саласы туралы мәлеметтерді талқылап, өздерінің өзекті сұрақтарын ортаға салды.
Шараны студенттер «Келешек біздің қолымызда» деген ұстаныммен аяқтады.
Баспасөз қызметі