Бүгін, 25 қыркүйекте, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Отырыста үш мәселе қаралды: «Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жағдайы және халықаралық қызметі туралы және олардың даму келешегі», «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2018 жылға арналған түзетілген даму жоспарының жобасын келісу», «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2019 жылға арналған даму жоспарының жобасын келісу».
Бақылау кеңесінің қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.
Баспасөз қызметі