С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтіп, үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша, яғни ШҚМУ Бақылау кеңесінің төрағасы А. Аймағамбетовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа төраға сайлау бойынша университет ректоры Мұхтар Төлеген баяндады.
Бақылау кеңесінің жаңа төрағасы болып білім және ғылым вице-министрі Рүстем Айдарбекұлы Биғари сайланды. Оған барлық сегіз адам жақтап дауыс берді.
Екінші кезекте ШҚМУ-дың 2018 жылға арналған даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын келісу мәселесі талқыланып, жоба мақұлданды және бекітілді (ректор М. Төлегеннің ақпараты).
Үшінші мәселе – Жастар жылы жоспарын іске асыру туралы ЖОО басшысы ақпарат берді. Жоспар аясындағы жұмыстар қанағаттанарлық деп бағаланды.
Фото https://cloud.mail.ru/public/AKCV/TQM9WVeRW
Баспасөз қызметі