С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім мазмұнын жаңарту аясында білім беру үрдісін ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеу іске асырылуда.
Университет Педагогикалық шеберлік орталығымен, облыстық білім басқармасымен, білім беру бөлімдерімен және мекемелерімен білім беру бағдарламаларын келісу, білім мазмұнын жаңарту жөніндегі семинарларды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастырып отыр.
Атап айтсақ, университтте «Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан – тәжірибеге» әдістемелік практикумы өтті, оған Өскемен Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы өкілдері, университет оқытушылары, облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты. Практикум нәтижесі бойынша «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы инновациялық технология» жинағы баспаға әзірленді.
Сондай-ақ, министрік тапсырмасына сай Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы білім мазмұнын жаңартуды ескере отырып, пәндерді оқыту әдістемесі бойынша түрлі біліктілік арттыру курстарын өткізді.
Баспасөз қызметі