Биология кафедрасында «Қызықты студенттік өмір» атты 1 курс студенттерін қабылдау мерекелік іс-шарасы өтті.
Үш тілде өткен іс-шараға «5В011300-Биология», «5В060700-Биология» мамандықтарының І және ІV курс студенттері қатысты. Мереке барысында Жаратылыстану ғылымы және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы студенттерге сәттілік тіледі.
Студенттер қызықты ойындарға қатысып, ән шырқап, күрделі интеллектуалды сұрақтарға белсене жауап беріп, би жарысында өздерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шара соңында 1 курс студенттері өз тілектерін айтып әуе шарларын ұшырды. Әр қатысушы позитивті қуат алып, студенттік өмірі туралы әсерлі ой қалыптастырды.
Мереке жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, би кешімен жалғасты.
Биология кафедрасы