- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-дың акт залының сахнасында жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, педагогика, психология және мәдениет факультеттерінің студенттері алғашқы болып өздерінің өнерлерін көрсетті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшлік ғимаратының акт залының сахна төрінде өткен байқауда түрлі әндер шырқалып, би биленіп, студенттер түрлі музыкалық аспаптарда ойнап қана қоймай, мәнерлеп оқу, Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында театрландырылған қойылымдар қойды.
Сонымен қатар, 23 қараша күн тарих, филология және халықаралық байланыстар, экономика және құқық факультеттерінің студенттері өнерлерін көрсетеді. Ал 26 қараша, яғни сенбі күні байқаудың гала-концерті өтеді. Басталуы сағат 16.00.
Баспасөз қызметі