18-29 қараша аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушыларына арналған «Инклюзивті білім беру негіздері» біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курсты университет ғалымдары, «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Светлана Кривицкая және дефектолог, тифлопедагог Сәуле Еңсебаева өткізуде.
Курстың мақсаты – жоғары білім беру мекемелерінде ерекше білім беру сұраныстарына ие оқушыларды оқытудың заманауи талаптары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту, инклюзивті білім беру стратегияларын жүзеге асыру құзыреттіліктерін игерту, инклюзивті топтарда оқу үдерісін жоспарлауға үйрету.
Курстың практикалық бөлігі мектеп-интернаттың базасында өтуде. Бұл инклюзивті білім берудің психологиялық қырларын тереңірек түсініп, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқудың жағымды психологиялық ахуалы, коллабративті орта, зерттеу мен шығармашылық еңбекке құрылған, белсенді оқу жақсы нәтижелер береді деген сенімдеміз.
Курсты аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы