С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Сәлем, ЖОО!» жеңілатлетикалық кросы болып өтті.
– Жыл сайын қыркүйек айында университет күзгі кросс өткізеді. Мұндағы мақсат – жастарды салуатты өмір салтына баулу. ШҚМУ – дене шынықтыру мұғалімдерін ғана емес, сондай-ақ спортшыларды да даярлайтын Шығыстағы бірден-бір жоғары оқу орны. Университетте дене шынықтырумен айналысуға барлық жағдайлар жасалуда, спорт залдары, ашық спорт алаңдары, бессейн, спорттық үйірмелер студенттер игілігі үшін қызмет етеді, – деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген іс-шараның ашылуында.
Кросс Комендантка өзені маңындағы демалыс аумағында өтті.
Жеңімпаздарға тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова грамоталар табыс етті.
Спорттық мереке соңына қатысушылар естелік суретке түсті.
Баспасөз қызметі