11 сәуірде Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі басталды, ол 20 сәуірге дейін жалғасады.
Мақсаты – оқытушылар құзіреттілігін арттыру, білім сапасын жақсарту үшін озық тәжірибелерді қолдану.
Онкүндік аясында көрмелер, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, семинарлар, ашық бейне-дәрістер, шеберлік сыныптары, тренингтер, викториналар, медиативті процестер, форум, кәсіби іс-тәжірибе бойынша әдістемелік семинар өтеді.
№9 оқу ғимараты кітапханасында факультет оқытушылары еңбектерінің және университетке түскен жаңа басылымдардың көрмесі ұйымдастырылған.
Баспасөз қызметі