Дәріс пен практикалық сабақтарды Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университеті (Ресей) экстремалды психологияның ғылыми негіздері кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы Татьяна Николаевна Березина оқып жүр.
«Психология» және «Дефектология» мамандығының студенттері экстремалды жағдайлардың негіздерін танып, терроризм, дағдарыстық эмоционалды күйлер мен төтенше жағдай кезінде тез арада психологиялық көмек көрсетудің дағдыларын дамытты.
Осындай серіктестік Т.Н. Березина мен оның әріптестерінің ғылыми бағыттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір ғылыми парадигмаларды талқылау, психология және коррекциялық педагогика кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулер шегінде тәжірибемен алмасу жүзеге асырылды.
Е. Дергачёва,
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы