С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жастар жылына арналған «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты студенттік театрлар фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
6 сәуір, фестиваль өткізудің бастамашысы болған университетіміздің акт залында үздік театрлық топтар мараптталды.
200 мың теңге сомасындағы бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласының С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақ желкен» театрына табысталды. Жетекшісі – Нұрфат Вахитов. Марапат «Сәкен» пьесасы үшін берілді.
1 орынды Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Жас түлек» театры иеленді, жетекшісі – Ғалия Темірбаева («Жас дауа» спектаклі). Жеңімпазға грамота және 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.
2 орынды Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің «Шаңырақ» театры (жетекшісі – Жансерік Садықов, «Бір түп алма ағашы» спектаклі) мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жансарай» театры (жетекшісі – Майра Әлімбекова, И. Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» спектаклі) бөліске салды. Труппаларға грамоталар мен 75 теңгелік сертификаттар табыс етілді.
3 орын үшеу болды – алматылық Тұран университетінің «TeArt Turan» театры (жетекшісі – Жәмилә Қайыпберді, «Қай заман» қойылымы), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қарагөз» драма театры (жетекшісі – Айман Ақтанова, «Кеудеңде соққан жүрегім»), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «ТИГУ Жастар театры» театры (жетекшісі – Әбиірбек Тінәлі, «Темір қатын»). Олар грамота мен 50 теңгелік сертификаттар алды.
Сондай-ақ, үздік әртістерге аталымдар бойынша дипломдар табысталды.
Фестивальға 8 қаланың 10 жоғары оқу орнынан келген 12 студенттік театр қатысты.
Салтанат аясында концерт ұйымдастырылды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ атынан екі студенттік театр өнер көрсетті – «Шабыт» (жетекшісі – Хасенов Ертай, Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы») және «Жалынды Жастар» (жетекшілері – Жүрсін Жұмабаев, Тимурбек Нұраддинов, «Қайран ұлым»).
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/5dm6/3d9PmmKrH