Elsivier компаниясы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Scopus & Science Direct туралы көбірек біл» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға университеттің магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады. Семинар әкімшілік ғимаратындағы Біліктілікті арттыру орталығында өтті.
Баспасөз қызметі