С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада (ҰПҰҒЗ) ЖОО-лар, колледждер, мектептер оқытушыларына арналған ғылыми зерттеулерді дамыту» вебинары өтті.
Вебинарға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, проректорлары И. Ровнякова, Д. Ерболатұлы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері, оқытушылар, барлық мүдделі тұлғалар, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан әріптестер, Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Өскемен қалалары оқу орындарының өкілдері қатысты. Модератор ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі М. Сутула болды.
Іс-шара барысында «Информатика» мамандығының магистранты Д. Әміренова, «Ғылыми биология» мамандығының магистранты Г. Доланбаева, «Химия» мамандығының докторанты К. Ақатан зертхананың жобалары, «Азия Авто», «ҮМЗ», «ТМК», «ШҚТС» сынды өңірдегі өндіріс орындарымен серіктестігі туралы жан-жақты айтты.
Баспасөз қызметі