8-14 желтоқсан күндері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да А. Герцен атындағы РМПУ (Петербор қласы) делегациясы жұмыс істеді.
Делегация құрамында оқу орнының орыс тілі бойынша ғалымдары, оқытушылары Валентина Артамонова, Елена Сидорова, аспиранты Софья Доценко, магистранты Александра Семёнова, 4 курс студенттері Анастасия Прошина, Людмила Штиф болды.
ШҚМУ тарапынан делегацияны еріктілер – 1 курс студенттері Әмина Молдабекова, Аяужан Совет, Дәурен Сүлейменов, Архат Өрікпаев алып жүрді.
Бір апта ішінде петерборлық қонақтар ШҚМУ-ды толық аралап, қызметімен жан-жақты танысып шықты.
Баспасөз қызметі