20 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Айнур Бағдатқызы Карбозовамен брифингі өтті, оған магистранттар, докторанттар және 4-курс студенттері қатысты.
Брифинг «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаудың жаңа ережелерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама академиялық тағылымдамадан өту (магистратура, докторантура), сонымен қатар әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтуді қамтиды. 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы 13 мыңнан астам жасқа шетелде білім алуға мүмкіндік беріп, олардың заман талабына сай жоғары білікті маман болуына жол ашты.
Онлайн кездесу барысында Айнұр Бағдатқызы студенттердің бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты барлық сұрақтарына жауап берді және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге студенттерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы толық ақпарат беру мүмкіндігі ұсынғаны үшін алғысын білдірді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі