С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Химия кафедрасы орысша оқитын мектеп оқушылары арасында ХІІ «Химиялық калейдоскоп» атты жыл сайынғы турнир өткізді.
Турнир тақырыбы – «Д. Менделеевтің периодтық жүйесі».
Финалға Өскеменнің 5 командасы қатысты. Қатысушылар алдында факультет деканы М. Мадияров пен химия кафедрасының меңгерушісі Б. Шаихова сөз сөйледі.
Сайыс нәтижесінде 1 орынды №11 мектеп (ғылыми жетекшісі – И. Лушпай, 2 орынды облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей (ғылыми жетекшісі – И. Ткачева), 3 орынды №34 мектеп (ғылыми жетекшісі – О. Гурьянова) иеленді.
Капитандар байқауында №11 мектептің оқушысы Яна Баус үздік атанды. «Жас химик» конкурсында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей оқушылары Даниил Сидоров пен Мария Ведяшкина алдан көрінді.
Баспасөз қызметі