С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да сәуірдің 8-інен 10-ына дейін институционалдық аккредитация өтеді.
Алғашқы күні, түске дейін Сыртқы сараптама тобының мүшелері Бақылау кеңесі мүшелерімен, ректормен, проректорлармен кездесіп, №5 оқу ғимаратын аралап шығуы тиіс.
Түстен кейін ССТ мүшелерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, студенттермен, оқытушылармен, магистранттармен, докторанттармен жүздесулері, №4 және №5 Студенттер үйлеріне баруы жоспарланған.
Аккредитация кезінде сарапшылар құжаттарды тексереді, оқу ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын аралап көреді, ССТ іс-тәжірибе базаларына барады.
Сондай-ақ, сыртқы аудит бағдарламасы бойынша аккредиттеу жоспарында студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, түлектермен, оқытушылармен және жұмыс берушілермен сұхбаттасу да бар.
КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
Сараптама тобының жетекшісі:
Байболов Қанат Сейітжанұлы – М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, PhD докторы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Халықаралық сарапшы:
Обозный Дмитрий Александрович – «Новосібір ұлттық зерттеу университеті» ЖБ ФМАББМ ғылыми зерттеулерді сүйемелдеу және талдау басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ұлттық сарапшылар:
Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Әбдірахман Гүлнар Қабылқалымқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, аккредиттеу және СМК орталығының басшысы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті.
Жұмыс берушілер өкілі:
Филатова Ольга Николаевна - Өскемен қаласы №32 орта мектебінің директоры.
Білім алушылар өкілі:
Серіктаева Аяжан Серіктайқызы – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ математика және компьютерлік модельдеу мамандығының 2 курс студенті.
Сараптама тобының үйлестірушісі:
Имашева Бағдат Сәкенқызы – жоба жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор.
Фото https://cloud.mail.ru/public/4k3f/2d3kZs4EB
Баспасөз қызметі