С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да сәуірдің 8-інен 10-ына дейінгі институционалдық аккредитацияның екінші күні өтуде.
Екінші күні ССТ мүшелері декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен және түлектермен кездеседі, сондай-ақ № 1, 2, 4, 5, 7, 8, 9 оқу ғимараттарына барып, сабақтарға қатысады.
Естеріңізге салсақ, алғашқы күні, Сыртқы сараптама тобының мүшелері Бақылау кеңесі мүшелерімен, ректормен, проректорлармен кездесіп, №5 оқу ғимаратын аралап шықты. Сондай-ақ, ССТ мүшелері құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, студенттермен, оқытушылармен, магистранттармен, докторанттармен жүздесіп, №4 және №5 Студенттер үйлерінде, «Рухани жаңғыру», «Назарбаевтану», «Зияткер» орталықтарында, ШҚО білім музейінде, Біліктілікті растау орталығында, «Altai jastary» медиаорталығының телестудиясында, SANALY URPAQ фронт-офисінде болды.
Аккредитация кезінде сарапшылар құжаттарды тексереді, оқу ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын аралап көреді, ССТ іс-тәжірибе базаларына барады.
Фото https://cloud.mail.ru/public/2Knv/3FMd6wkqF
Баспасөз қызметі