Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы мен ғылыми кітапхана «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дөңгелек үстел өкізді.

Іс-шараға Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары мен кітапхана қызметкерлері, «Дефектология» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Кітапхана қызметкері Л. Ершова «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітап көрмесі мен Д. Майерстің «Әлеуметтік психология» еңбегіне шолу жасады.

Доцент, психология ғылымының кандидаты М. Ауренова Стивен П. Роббинс пен Тимати А. Джадждың «Ұйымдық мінез-құлық негіздері», аға оқытушы Г. Қасымбекова Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», аға оқытушы Г. Тұрарова Патрисия Уоллейстің «Internet психологиясы» еңбектеріне шолу жасап, мазмұны бойынша баяндама жасады.

Талқылау барысында кітаптардың сапалы аударылғаны, кітаптардың студенттерге ғана емес, ғалымдарға да көмек беретіні айтылды.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo