13 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы пәнінен қалалық колледж білім алушылары арасында олимпиада өткізілді.
Олимпиада мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтап, Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Қатысушылар 2 кезең бойынша қазақ және орыс тілдерінде сынақ тапсырды. Жоғары колледж студенті Сергібаева Сабина мен ШҚГК студенті Имберленова Данира 1 орынды иеленді. Ал 2 орынға Өскемен медициналық колледжі студенті Қамзина Аида мен Жоғары колледж студенті Игібаев Жігер ие болды. 3 орынды Өскемен медициналық колледжі студенті Отанова Балжан, ШҚГК студенті Павлова Анастасия, ШҚГТК студенті Салтанат Солдат бөлісті.
Барлық олимпиадаға қатысушылар мен жетекшілеріне сертификаттар табысталды.
Жоғары колледж