- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-да қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдауды бастады. Маусымның 1-інен 20-сына дейін кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға өтініштер ұсынылады.
Кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға өтініштер 1-ші маусымнан 20-шы маусымға дейін ұсынылады.
Шығармашылық мамандықтар үшін өтініштерді қабылдау қабылдау комиссияларымен 20 маусымнан 7 шілдеге дейін жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында тапсырылады. Шығармашылық емтихандар саны – 2.
Өтініштерді қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға түсуді жоспарлаушылар жоғары оқу орны базасында бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) тапсырады.
Арнайы емтихандар мерзімдері:
Өтініштерді қабылдау және емтихандар 20 маусымнан 18 тамызға дейін.
«Өтті» немесе «өтпеді» критерийлері бойынша бағаланады.
Тестілеу мерзімдері және ұзақтығы – базалық ЖОО-ларда 17 шілдеден 23 шілдеге дейін.
КТ басталу уақыты – сағат 09.00.
КТ-ға 3 сағат 50 минут беріледі.
Білім грантын беру бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында өтеді.
Білім гранттары иеленушілерінің тізімі 10 тамызда БАҚ-та («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығы сайтында www.testcenter.kz жарияланады.
Қайталама кешенді тестілеуде шектік балл ала алмаған және ҰБТ немесе КТ-қа қатыспаған тест тапсырушылар қатысады.
Қайталама КТ мерзімдері: Өтініштерді қабылдау 1-8 тамызда.
Тестілеу 19-24 тамызда.
Қайталама КТ-да шектік балл ала алмағандар бірінші академиялық кезең аяқталған соң қайтадан тест тапсыра алады.
Қайталама КТ мерзімдері: өтініштерді қабылдау 5-12 қаңтарда.
Тестілеу 20-24 қаңтарда.
ШҚМУ-ға түсуде табыс тілейміз!
ШҚМУ-ға түсу үшін барлық ақпаратты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтындағы «Оқуға түсушіге» бөлімінің мега-мәзірінен (сілтеме: https://vkgu.kz/ru/page/postupayushchemu.html?theme=vkgu) ала аласыздар.
Баспасөз қызметі