Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті «Кәсіби оқыту» мамандығының іс тігу оқу зертханасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен қызметкерлері үшін екіқабатты көпреттік бетперделер тігіле бастады.
Елдегі төтенше жағдай кезеңінде көпреттік бетперделердің өндірісі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің бастамасы бойынша университет ректоратының және «Nur Otan» партиясының қолдауымен басталды.
Бетперде өндірісі факультет бастамасы бойынша және университет ректорының қолдауымен іске асырылуда.
– Зертхана заманауи автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жарақталған. Бетперде тігуді үш күн бұрын бастадық. Бірінші партияда 280 бетперде шығарылды, – дейді факультет деканы М. Мадияров.
Барлық бетперделер студенттер мен қызметкерлерге таратылады. Бірінші кезекте Студенттер үйлерінде (жатақханаларда) тұратын шетелдік студенттерге және ЖОО жұмыскерлеріне – еден жуушылар мен күзетшілерге үлестіріледі.
Алдағы уақытта барлық ЖОО оқытушылары, студенттері университет есебінен бетперделермен қамтылатын болады.
Баспасөз қызметі