- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті «Күлімде, Наурыз, күлімде» атты ұлттық ойындар сайысын өткізді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Құмарбекұлы және осы факультеттің жастар ісі жөніндегі комитеті Студенттерге қызмет көрсету орталығы алдында «Күлімде, Наурыз, күлімде» ұлттық ойындар сайысын өткізді.
Сайысқа №1, №3, №4, №5, №5 (колледж) студенттер үйлерінен бес команда қатысты. Әр топ асық ату, қол күресі, ләңгі тебу, гір көтеру, арқантартыс ойындарынан күш сынады.
Қорытынды бойынша 1 орынды №4, 2 орынды №1, 3 орынды №5 және №5(колледж), 4 орынды №3 студенттер үйі иеленді.
Сайыс қызу әрі тартысты өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті