С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Алғашқы әскери дайындық кафедрасы №1 оқу ғимаратының спорт залында 1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай «Құтқарушы» әскери-спорттық мерекесін өткізді.
Оған Өскемендегі № 1, 2, 24, 30, 35, 43 мектептердің «Арыстан», «Қорғау», «Арлан», «Жігер», «Бірлік», «Айбын» әскери-патриоттық бірлестіктері қатысты.
Шарада қатысушылар АӘД бойынша сөзжұмбақ шешіп, жеке қорғаныш құралдарын қолдану, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша нормативтерді орындады, мылтық атты.
1 орынды №1 мектептің «Жігер», 2 орынды мектептің №24 «Айбын», 3 орынды №43 мектептің «Бірлік» бірлестігі алды. Барлық қатысушылар құнды сыйлықтармен, жүлдегерлермен ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Баспасөз қызметі