С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Мейірім» волонтерлар клубы мен «Шабыт» студенттік театры «Әлемді қызғылтамыз: әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоямыз!» акциясын ұйымдастырды.
1981 жылдың 25 қарашасынан бастап әлемнің белсенді әйелдері Зорлық-зомбылыққа қарсы күнді атап өтеді. 1999 жылдың 17 желтоқсаны күні ББҰ-ның Бас Ассамблеясы 25 қарашаны Әйелдерге қатысты күш көрсетумен күрес күні деп хабарлады. БҰҰ үкіметке, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдарға осы күні әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Осыған орай, 2018 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республика көлемінде «Әлемді қызғылтамыз: әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоямыз!» акциясы өтуде.
Бұл іс-шара С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Мейірім» волонтерлар клубы мен «Шабыт» студенттік театрының белсенді қатысуымен бүгін, 4 желтоқсан күні университет қабырғасында ұйымдастырылды.
Акция аясында «Отбасындағы жанжал» тақырыбында қойылым қойылып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Сообща» кампаниясы атынан қатысушыларға футболкалар, көрермендерге ақпараттық қағаздар таратылды.
Идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман